https://turkystan.kz/article/225265-kozildirik-tagudyn-paydasy-men-ziyany-kanday/

Көзілдірік тағудың пайдасы мен зияны қандай?

Көру қабілеті нашар адамдар үшін көзілдірік таптырмас құрал. Десе де оның артық және кемшін тұстары бар. Көзілдірік тағудың артықшылықтары – Көзілдірік – көру қабілетін түзетудің ең қауіпсіз әдісі; – Көзілдірік тағуға қарсы көрсетілімдер жоқ. Оларды кез келген жағдайда киюге болады;
– Көзілдірікті линзаларға қарағанда бір рет сатып алып, бірнеше жыл тағуға болады;
– Көзілдірікке күтім жасау оңай;
– Көзілдірік линзалар сияқты жиі және тұрақты ауыстыруды қажет етпейді;
– Стильді аксессуар;
– Көзілдірікті тағу және шешу оңай;
– Инфекция жұқтыру қаупі өте төмен;
– Шаң мен желден қорғайды.
Көзілдірік тағудың кемшіліктері – Бәріне бірдей ұнай бермейді және көп адамдар көзілдірік тағудан ұялады;
– Спортпен шұғылдануға ыңғайсыз;
– Көзілдірік температураның күрт өзгеруінен тұманданады. Сондықтан жаңбырлы ауа райында немесе қыста ыңғайсыз;
– Көзді кішірейтеді, диоптриялық линзалар неғұрлым көп болса, бұл әсер соғұрлым айқын көрінеді;
– Миопияның жоғары деңгейінде ұзақ бейімделуді қажет етеді.
Келесі мақала
Жазда тамақтан уланып қалмау үшін не істеу керек?
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024