Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

«ЖАЙДАРЛЫ ЖУАЛЫ»

«ЖАЙДАРЛЫ ЖУАЛЫ»
ашық дереккөз
«ЖАЙДАРЛЫ ЖУАЛЫ»
Орталық саябақта «ЖАЙДАРЛЫ ЖУАЛЫ» жас жайдарманшылар өнері тамашаланды.
✔️Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Орталық саябақта «Жайдарлы Жуалы» жас жайдарманшылар ойыны және концерттік бағдарламасы өткізілді.
🔸️Кеште өнер көрсеткен «Жұрттың балалары идеал емес», «Болашақ лидерлер», «Қарасаз құрамасы» командалары және Тараз қаласынан «Тамбур» командасы.
🔹️Өнер көрсеткен жас жайдарманшылар құрама командалары түрлі тақырыпта әзіл-ойын көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді. Әннен шашу шашқан «Империя қыздары», Мадияр Сағынбек көңілді кештің көркін ашты.
🔸️Музыкалық ноталарды жасырып, қызықты сұрақтар қойып, көрермендер арасында ойындар ойнатылды. Тапқыр көрермендерге сыйлықтар үлестірілді.
🔹️Әр команда «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жайдарман ойындарының өтуіне атсалысқаны үшін Жастар ресурстық орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар