Бердібек Сапарбаев өмірден өтті
Бердібек Сапарбаев өмірден өтті
Бердібек Машбекұлы 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында туған. 1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. 2007 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2009-2014 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 2015-2019 жылдары – Ақтөбе облысының әкімі. 2019 жылдың ақпан-тамыз айларында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды. 2019-2020 ж. ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 2020-2022 жылдары Жамбыл облысының әкімі болды. «Құрмет» (1999), «Парасат» (2007) ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. https://turkystan.kz/article/225392-berdibek-saparbaev-omirden-otti/