Басына футбол қақпасы құлаған: Ақтауда жеткіншек көз жұмды
Басына футбол қақпасы құлаған: Ақтауда жеткіншек көз жұмды
Ақтауда басына футбол қақпасы құлаған 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
Жасөспірім 20 мамыр күні кешке қарай 7 шағынаудандағы №9 мектеп жанындағы футбол алаңында достарымен ойнаған.
Ауыр металл қақпа құлағаннан кейін жігіт есін жоғалтқан. Ол Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген.
24 мамырда кешке баланың анасы ауруханаға келген. 5-7 күн жатып ем алу керектігі айтылса да, анасы баланың жағдайы жақсы, дәрігерлерге ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, қолхат жазып алып кеткен.
Жаөспірім 7 күн үйінде ата-анасының бақылауында болған.
https://turkystan.kz/article/225824-basyna-futbol-kakpasy-kulagan-aktauda-zhetkinshek-koz-zhumdy/