Жаңалықтар

6 жылдан кейін LRT құрылысы қайта жалғасты (ВИДЕО)

6 жылдан кейін LRT құрылысы қайта жалғасты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде LRT құрылысының жанданғаны туралы видеолар тарап кетті деп хабарлады turkystan.kz.

Кадрдан басына каска киген адамдар мен құрылыс техникаларын көруге болады. Араға 6 жыл уақыт салған жоба бүгінде жалғасын тауып отыр.

Айта кетейік, қазіргі жоба бойынша 18 станцияның орнына сегізі ғана қалады. Ал метрополитеннің жалғыз тармағы әуежай мен жаңа теміржол вокзалын байланыстырады.