
САРЫСУДА АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР ҚҰРМЕТТЕЛДІ
Әр адам үшін оның денсаулығы мен өмірінен артық құндылық жоқ.
Қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірі мен денсаулығының сақшысы бола білген ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерен, атқаратын істері мол.
Дәрігер – адам жанының арашасы, жер бетіндегі сал алуан кәсіптің ішіндегі ең ізгі, ең қастерлі мамандықтың иесі.
Ел адам өмірін ұзартуға септігін тигізетін дәрігер мамандығын ежелден қастерлеп, құрметтеген.
Бүгінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Біздің ауданымызда да денсаулық сақтау жүйесі үнемі нығайтылып, емдеу мекемелері заманауи құралдармен, жаңа медициналық технологиялармен жабдықталып келеді.
Бүгін аудандық орталық ауруханада Медицина қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне орай өткен жиынға Жамбыл облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Үмбетәлі Перизат Жолдығұлқызы, аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов және аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков қатысып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Халық сеніміне ие болып, қызметтерін абыроймен атқарып, үздік жетістіктерге жетіп жүрген сала мамандары аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Аталған жиында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Перизат Жолдығұлқызы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен аудандық аурухананың бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Каликова Айнұр Тұяқбайқызын және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Саудакент ауылдық ауруханасының бірінші санатты жалпы тәжірибелі дәрігері Сұлтанова Гүлира Амангелдіқызын марапаттады.
Сонымен қатар, бір топ кәсіби мереке иелері «Аманат» партиясы Сарысу аудандық филиалының және Жаңатас қаласы әкімінің Алғыс хаттарына ие болды.
Келесі мақала
КЕШЕНГЕ ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024