
Құқықтық көмек көрсетілді
Аудан әкімінің 2023 жылдың 11 сәуірінде №196 ө өкімімен Мойынқұм ауданында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы еңбек қатынастарын зерделеу және құқықтық көмек көрсету жөніндегі жұмыс тобы құрылған. Осы құрылған жұмысшы тобына сәйкес 2023 жылдың 07 маусымында Шығанақ ауылындағы «Шығыс кен басқармасы» жұмысшыларымен, Шығанақ ауылдық округ тұрғындарын жеке қабылдау, Мыңарал ауылындағы Мыңарал балық зауыты» жұмысшыларымен, «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС өндірістік кәсіпорын жұмысшыларымен қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қоғамдық қабылдауға Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Әмірханов Ержан Әлімханұлы, Мойынқұм аудан прокурорының орынбасары Сарманов Нұрлы Жақсылықұлы, аудандық сот төрағасы Далибаев Бағлан Көшкінбекұлы, аудандық мәслихат төрағасы Саурықов Нұртас Ұзақұлы, Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы, полиция майоры Абдраманов Тимурлан Несипбайұлы, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Мойынқұм аудандық филиалының директоры Үсібжанов Нәділ Найманұлы, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Абдразахов Абдығали Расулұлы қатысты
Қоғамдық қабылдау кезінде кәсіпорын жұмысшыларына құзырлы органдар арқылы құқықтық көмек көрсетілді.
Келесі мақала
РУХАНИ ТАНЫМДЫҚ ШАРА
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024