Жаңалықтар
Қантар кезінде ұсталған азаматтың өлімі үшін Семей қалалық полиция қызметкерлерінің үш жылға бас бостандығы шектелді
- NAQ.KZ
- 18 маусым, 2023
- 43

Қантар кезінде ұсталған азаматтың өлімі үшін Семей қалалық полиция қызметкерлерінің үш жылға бас бостандығы шектелді

Іс бойынша куәгерлер – Қалиевпен бір камерада отырғандар Қалиевтің ауыр соққыға жығылғанын, ауыр тыныс алып, еденде дөңбекшігенін айтқан. Камерада бірге отырғандар полиция қызметкерлерін шақырғанмен Қалиевке ешқайсысы келмеген. “Оны өлтірген – басқаша айту мүмкін емес. Медициналық сараптама жүргізілді: оның бір жағындағы қабырғалары ішке кіріп кеткен, бір аяғы тұтас көкпеңбек, басы ұрылған. Денесі тұтас ісіп кеткен. Саусақтары мен аяғының башпайлары ұрылған – мен мұндайды бірінші рет көрдім. Ол атлет емес, салмағы 60 килограмнан артық болмаған. Адамды хайуанша өлтіру. Маньяк тіпті фашистер де бұлай істемес еді. Ант берген құқық қорғау органдары қалайша мұндайға барды?”, – деді Елдос Қалиевтің жақын досы Талғам Исламов. Келесі сот отырысы 19 маусымға тағайындалған. Бас прокуратураның мәліметінше, қаңтардағы наразылық кезінде тұтқындарды азаптағаны үшін елімізде барлығы тоғыз құқық қорғау қызметкері бас бостандығынан айырылған. Барлығы 35 қауіпсіздік қызметкері жауапқа тартылды. Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау фактілері бойынша прокурорлар 11 қылмыстық іс тергегені нақтыланды. Бұл жағдайда 84 адам зардап шегуші деп танылған.
https://stan.kz/kantara-kezinde-ystalgan-azamattin-olimi-ushin-semey-ka-384003/
Келесі мақала
Қазақстанда алғаш рет Әкелер күні тойлануда
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024