Жаңалықтар
Банктегі қақтығыс: қарулы ер адамға қандай жаза қолданылатыны айтылды
- NAQ.KZ
- 19 маусым, 2023
- 36

Банктегі қақтығыс: қарулы ер адамға қандай жаза қолданылатыны айтылды
Астанадағы банк ғимаратында қызметкерлерді ұстап отырған қарулы күдіктіге қандай жаза қарастырылғаны белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға 18 маусым күні сағат 13:51-де болған еді. Достық көшесінің бойындағы Kaspi bank филиалына кірген белгісіз тұлға тапаншаға ұқсас затпен қорқытып 7 адамды кепілге алған.
Келіссөз жүргізгеннен кейін сағат 16:35-те арнайы жасақ қызметкерлері ғимаратқа шабуыл жасады. Жоспарланған операцияның нәтижесінде 30 жастағы ер адам ұсталып, кепілге алынғандардың барлығы босатылды. Кепілге алынғандар мен кепілге алушы зардап шеккен жоқ.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК 261-бабы 2-бөлігі «Адамды кепілге алу» бойынша тіркелді. Бұл бапта мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.
https://turkystan.kz/article/226016-banktegi-kaktygys-karuly-er-adamga-kanday-zhaza-koldanylatyny-aytyldy/
Келесі мақала
Бүгін еліміздің басым бөлігінде шаңды дауыл болады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024