Kaspi банкке шабуыл жасаған ер адам наркологиялық диспансерде есепте тұр – Банк
Kaspi банкке шабуыл жасаған ер адам наркологиялық диспансерде есепте тұр – Банк
Бүгін, 18 маусым күні Астанадағы Kaspi.kz бөлімшесіне қарулы адам шабуыл жасап, қызметкерлерге қауіп төндірді. Осы оқиғаға байланысты Kaspi банктің баспасөз қызметі пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
Сонымен қатар Kaspi банктің баспасөз қызметі қарулы адам банкке кірген бойда күзет қызметі дабыл түймесін басып үлгергенін мәлім етті.
Бүгін Астанадағы Kaspi банк бөлімшесіне қарулы ер адам тұрғындарды тұтқында ұстағанын жазған болатынбыз. Оқиға орнына министр М.Ахметжанов барып, қылмыскермен келіссөзді өзі жүргізді әрі күштік операцияны басқарды. Қазір қылмыскер қолға түсіп, тергеу амалдары жүріп жатыр. https://turkystan.kz/article/225998-kaspi-bankke-shabuyl-zhasagan-er-adam-narkologiyalyk-dispanserde-esepte-tur-bank/