Газдалған сусыннан уланып жатқан балалар – комитет жауабы
Газдалған сусыннан уланып жатқан балалар – комитет жауабы
Хабарламада «Тархун» және «Ситро» газдалған сусындары ғана емес, «M&M’S» дражесі, «Milky way» шоколады, «Дюшес» және «Барбарис» кәмпиттері және басқа да бірқатар тағам қауіпті деп танылғаны айтылған. ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тізімдегі бірде-бір өнім қауіпті деп танылмағанын, сондай-ақ Қазақстанда газдалған сусыннан қатты улану жағдайлары тіркелмегенін хабарлады.
Газдалған сусын ішіп, уланған балалар туралы хабарлама ресейлік қолданушылар арасында 2019 жылы таралған. Кейін Қазақстанға және басқа да елдерге жетті. Әр жолы хабарлама теріске шығарылып, «Тархун» сусынынан қатты улану жағдайлары тіркелмегені хабарланды. https://turkystan.kz/article/226183-gazdalgan-susynnan-ulanyp-zhatkan-balalar-komitet-zhauaby/