Жаңалықтар
Жамбылдық шаруаларға Алматы қаласындағы Алтын орда базарынан тегін сауда орындары бөлінді
- NAQ.KZ
- 20 маусым, 2023
- 44

Жамбылдық шаруаларға Алматы қаласындағы Алтын орда базарынан тегін сауда орындары бөлінді
Сауда комитеті Алматы қаласындағы «Алтын Орда » базарынан Түркістан және Жамбыл облыстарының фермерлеріне өз өнімдерін халыққа тікелей сату үшін сауда орындарын тегін пайдалануға ұсынды.
-
Құрметті Түркістан және Жамбыл облыстарының фермерлері! «Алтын Орда» базарында фермерлерге жүк көліктері үшін 100 тегін орын бөлінді. Біз әркім өз өнімдерін мүлдем тегін саудалай алатын алаң құрғымыз келеді. Сіздерге жалдау ақысын төлеудің қажеті жоқ. Біз сіздерге, елімізде өндірілген өнімді сату үшін қолайлы жағдай жасаймыз. Қазірдің өзінде базар аумағында базар әкімшілігі 15 қосымша бақылау таразысын орнатты. Базар павильондарында бір ай ішінде 9 кондиционер орнатылатын болады. Базар аумағына кіре берістегі түсініксіз бопсалауларды жоюға мүмкіндік беретін «ақылды» шлагбаумдар орнатылады. Бір айдың ішінде біртіндеп аймақтар бойынша базар санитарлық нормаларға сәйкестендіріледі, - деді Сауда комитеті төрағасының м.а. Айдар Әбілдабеков.
Жамбыл облысы әкімдігі
Келесі мақала
«Астананың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024