Жаңалықтар
МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ «АЛТЫН БЕЛГІ» ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМІ ТУРАЛЫ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ
- NAQ.KZ
- 21 маусым, 2023
- 43

МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ «АЛТЫН БЕЛГІ» ЖӘНЕ ОРТА БІЛІМІ ТУРАЛЫ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков мектеп бітруші үздік 10 түлекті қабылдап, «Алтын белгі» орта білімі туралы аттестаттарын ттабыс етті.
Қабылдауда аудан әкімі осындай үздік нәтиже ұстаздар қауымының еңбегі екендігін айтып, білімді жастарды жылдар бойы жеткен жетістіктерімен құттықтады. Сонымен қатар алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, білікті маман болуына тілек қосып, елге танылған азаматтардың ізін басуға тілекші болды.
Ақ тілектің легін шараға қатысушы ұстаздар мен ата-аналар, биылғы жас түлектер толықтырды. Ата-аналар ұл-қызының қанатын қатайтып, біліммен сусындатқан ұстаздар қауымына алғысын жеткізді.
Мойынқұм ауданы әкімдігі


Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024