Түркістан облысында мектеп директорының төбелескен видеосы тарады
Түркістан облысында мектеп директорының төбелескен видеосы тарады
Желіде Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы мектептердің бірінің директоры мен оның туысы арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеодан ер адамның жанжалдасып жатқан адамды ұрып жатқанын көруге болады, оны жанындағы адамдар ажыратып алған. Түркістан облысының білім басқармасы төбелестің екі жыл бұрын болғанын мәлім етті. Видеоның неліктен енді тарап жатқанын басқарма нақты түсіндірмеген. Тек мектеп директорының қатаң сөгіс алғаны белгілі болды.
Айта кетейік, бұл жағдай бойынша полицияға ешкім арыз түсірмеген.