Мәжіліс спикері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай Сарытомар ауылына барды
Мәжіліс спикері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай Сарытомар ауылына барды
Мерейтойға арналған жиын ақынның туған жері Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданының Сарытомар ауылында өтті. Мәжіліс спикері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуді тапсырғанына тоқталды.
Ерлан Қошанов ақынның жерлестерін мерейтоймен құттықтап, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді.
Мәжіліс төрағасы Қызылжар өңірі ұлтымыздың тағдыры мен тарихына өшпес із қалдырған ұлы перзенттерді дүниеге әкелген киелі мекен екенін ерекше атап өтті.

Елімізде болып жатқан оң өзгерістер ұлтымыздың ұлы тұлғаларының, соның ішінде Мағжан Жұмабаевтың идеяларымен үндесіп жатқанын тілге тиек етті.
Мереке аясында облыста халықаралық ақындар айтысының финалы, ат спорты мен қазақша күрестен жарыс өтті. https://turkystan.kz/article/226509-mezhilis-spikeri-magzhan-zhumabaevtyn-130-zhyldygyna-oray-sarytomar-auylyna-bardy/