Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Жамбыл, Мойынқұм ауылы тұрғындарының ұсыныс-пікірі ескерілді

Жамбыл, Мойынқұм ауылы тұрғындарының ұсыныс-пікірі ескерілді
ашық дереккөз
Жамбыл, Мойынқұм ауылы тұрғындарының ұсыныс-пікірі ескерілді
Бүгін аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы Жамбыл, Мойынқұм ауылдарында болып, ағымдағы жылы жүзеге асырылатын бастамалар туралы тұрғындармен кездесу өткізді.
📌Жиында ауыл азаматтары жайылым жер, көше асфальттау, жарықтандыру, ағын су, ауыз су жүйесінің құрылыс сапасы, қоқыс мәселері бойынша сауалдар жолдады.
🔷Аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы Жамбыл, Мойынқұм ауылы азаматтарының айтарын орындауға күш салатынын, жұмыстың орындалуы үшін бөлім, мекеме басшыларына тапсырма беріп, ауыл тұрғындарымен бірлесе жұмыс жүргізу керектігін жеткізді.
♦Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов, аудандық мәслихат депутаттары және бірқатар бөлім басшылары мен ауыл ардагерлері қатысты.
✅Жиында аудандық полиция бөлімінің бастығы Жарас Тоқабаев тұрғындарға интернет алаяқтық туралы түсіндірме жүргізді.
Мойынқұм ауданы әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар