Жаңалықтар

Есірткіге қарсы күрес: 2000-нан астам есірткі жарнамасы жойылды

Есірткіге қарсы күрес: 2000-нан астам есірткі жарнамасы жойылды

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастырған республикалық акция аясында 2000-нан астам есірткі жарнамасы жойылды деп хабарлады turkystan.kz.

Жастар мен жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткіге құмарлық өршіп барады. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында арнайы тоқталып, айтып өтті. Тиісінше Президент атаулы мәселені қолға алып, жою жолдарын қарастыруды тапсырды. Осы орайда нашақорлықпен күресу және оның алдын-алу мақсатында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты республика бойынша акция ұйымдастырды. Есірткіге қарсы күрес: 2000-нан астам есірткі жарнамасы жойылды Ұйымдастырушылардың айтуынша, қала көшелері мен үйлердің ауласында жүргізілген рейд барысында 2000-нан астам есірткі жарнамасы жазылған граффити мен трафареттер анықталып, жойылды. Бұл тек 1 күндік акцияның көрсеткіші. Түрлі тәсілдерді пайдалана отырып жан-жақты жұмысты бастадық, дейді Жастар қанатының өкілдері. «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, саналы түрде нашақорлықпен күресуді қолға алған жастар саны артып келеді.

Айта кету керек, 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай жасалған игі акция аймақтардағы жергілікті атқарушы органдар, полиция департаментінің мамандары, мәслихат депутаттары, танымал спортшылар мен қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен жүзеге асты. Есірткіге қарсы күрес: 2000-нан астам есірткі жарнамасы жойылды https://turkystan.kz/article/226631-esirtkige-karsy-kures-2000-nan-astam-esirtki-zharnamasy-zhoyyldy/