Жаңалықтар

Маңғыстаулық дәрігер ұшақта адам өмірін сақтап қалды (ВИДЕО)

Маңғыстаулық дәрігер ұшақта адам өмірін сақтап қалды (ВИДЕО)

ZTB.KZ редакциясына 25 маусым күні ұшақ бортында түсірілген видео жіберілді. Онда Астана-Ақтау рейсіндегі жолаушылардың бірі турбулент қозғалысы кезінде күрт нашарлағаны атап өтілді. Әйел есінен танып, қысымы төмендеген және жүрегі тоқтап қалу қаупі болған.

Бортта Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінің Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Аманжолов болды. Ол әйелді құтқарып қалды. Бірақ аман алып қалу қиынға соқты, өйткені FlyArystan авиакомпаниясына тиесілі бұл ұшақтың бортында оттегі цистерналары мәселесі туындаған.

Видео авторлары отандық авиакомпаниялардан алғашқы көмек жинақтарын тексеруді сұрайды. https://turkystan.kz/article/226639-mangystaulyk-deriger-ushakta-adam-omirin-saktap-kaldy-video/