Жаңалықтар

Мемлекеттік басқару академиясы 162 магистрантқа диплом табыстады

Мемлекеттік басқару академиясы 162 магистрантқа диплом табыстады

29 маусымда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті. 2022-2023 оқу жылы бойынша Академияда 8 докторант және 162 магистрант дипломын сәтті қорғады.

Шарада дәстүр бойынша Академия ректоры Ерлан Әбіл түлектерді құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мемлекеттік басқару академиясы 162 магистрантқа диплом табыстады

Биыл Басқару институтының 4 магистранты Академия мен Финляндияның Сейняйоки қолданбалы ғылымдар университеті арасындағы келісім бойынша қосдипломды бағдарлама аясында білім алып келді. Салтанатты шарада Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін тәмамдаған Біржан Әлімжанов Академияға алғысын білдірді. Мемлекеттік басқару академиясы 162 магистрантқа диплом табыстады

Мемлекеттік басқару академиясы 162 магистрантқа диплом табыстады

Салтанатты шараға ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Альтаир Ахметов, ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Дәулетбек Құсайынов, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі Руслан Тұрғаналы, Финляндияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев, Астана хабының Мемлекеттік қызмет саласындағы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, ҚР Үкіметі Аппараты Басшысының орынбасары Асқар Биахметов, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов қатысты. https://turkystan.kz/article/226768-memlekettik-baskaru-akademiyasy-162-magistrantka-diplom-tabystady/