3 миллионнан астам адамның табысы өсті – Әлихан Смайылов
3 миллионнан астам адамның табысы өсті – Әлихан Смайылов
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының республикалық форумында сөз сөйледі деп хабарлады turkystan.kz.
Ол азаматтардың табысын арттыру, мектептер, медициналық мекемелер, тұрғын үйлер салу және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту шаралары туралы айтты. Биыл 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде әлеуметтік төлемдерге, денсаулық сақтау мен білім беруге, нақты сектор мен инфрақұрылымды дамытуға және басқа да бағыттарға қосымша 2,2 трлн теңге қаражат бөлінгенін атап өтті.
Премьер-министрдің айтуынша, ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қосымша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылып келеді.
https://turkystan.kz/article/226760-3-millionnan-astam-adamnyn-tabysy-osti-elihan-smayylov/