Алматы облысында жылан шаққан 9 жасар бала көз жұмды
Алматы облысында жылан шаққан 9 жасар бала көз жұмды
Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2023 жылы 27 маусымда сағат 13:35-те Кеген аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 9 жасар бала жылан шағу диагнозымен өте ауыр халде түскен.
Ведомство өкілінің мәлімдеуінше, аудандық ауруханаға Алматы қаласының № 1 қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының токсиколог және реаниматолог дәрігерлері арнайы барған, республикалық деңгейдегі анестезиолог-реаниматолог, токсиколог дәрігерлерімен консилиум өткізілген.
Айта кетерлігі, ауыл тұрғындарының сөзінше, осыдан бірнеше күн бұрын осы ауданда тағы бір адам жылан уынан қайтыс болған. https://turkystan.kz/article/226814-almaty-oblysynda-zhylan-shakkan-9-zhasar-bala-koz-zhumdy/