Жаңалықтар

Парламент депутаттары каникулға кетті

Парламент депутаттары каникулға кетті

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады.

Осы орайда, палата спикері Сенаттың құрылымы өзгергенін еске салды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Сенатта өз мандаттарын алды.

Е.Қошановтың айтуынша, бірінші сессия небәрі 100 күнге созылды.

Қос палата отырысына Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Үкімет мүшелері қатысты.

https://turkystan.kz/article/226816-parlament-deputattary-kanikulga-ketti/