Жаңалықтар

Депутаттардың атына 7 мыңға жуық хат келді – Қошанов

Депутаттардың атына 7 мыңға жуық хат келді – Қошанов

Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда бірінші сессияның жұмысы қорытындыланды деп хабарлады turkystan.kz.

Ерлан Қошанов Парламенттің осы сессиясынебәрі 100 күнге созылғанына қарамастан, атқарған жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болғанын атап өтті.

Сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы, Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті. Онда 120-дан астам мәселе қаралды. Сондай-ақ Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болса, соның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға Президент қол қойды.

Депутаттардың атына 7 мыңға жуық хат келді – Қошанов

Депутаттар бастамашы болған заң жобаларының ішінде – заңсыз алынған активтерді қайтару, сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері, Кәсіптік біліктілік туралы заңдар бар.

Мәселен, Ерлан Қошановтың айтуынша,электр самокаттардың көп қолданылуы адамдардың қауіпсіздігіне әсер етіп отыр. Сондықтан олардың жүрісін реттеу жөніндегі түзетулер Парламентте қызу талқыланды. Осы орайда Мәжіліс төрағасы депутаттар қабылдаған заң жаяу жүргіншілердің де, самокат жүргізушілерінің де қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін айтты.

Сонымен қатар Палата төрағасы бұрынғы Семей ядролық полигоны аумағын зерттеу мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі көптен шешімін таппай келе жатқан түйткілді жайттың бірі екеніне назар аударды. Бүгінде бұл мәселе заңнамалық деңгейде шешімін тапты.

Сондай-ақ осы сессияда Мәжілісте алғаш ретЖоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды.

Депутаттардың атына 7 мыңға жуық хат келді – Қошанов

Өткен сессияда барлығы 11 халықаралық шарт пен мемлекетаралық келісім ратификацияланды. Қос палата депутаттары Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдарға 306 депутаттық сауал жолдады.

Ерлан Қошанов осы сессияның өзінде халық қалаулыларының атына түскен 7 мыңға жуық хат қаралғанын және аз уақыт ішінде Мәжіліс жанындағы Қоғамдық қабылдауға 800-ден астам адам келгенін атап өтті.

Бірінші сессияны қорытындылай келе, Мәжіліс спикері қос палатаның шет елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтынығайту бағытында да ауқымды жұмысатқарғанын айтты.

Бұдан бөлек Мәжіліс төрағасы Үкіметпенбірлескен жұмыс кезіндегі кейбір мәселелерге назар аударды.

Сонымен бірге Палата төрағасы депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындысын қарау мерзімі ұзаққа созылатынына, белгіленген тәртіптің көп жағдайда сақталмайтынына мән берді. Осы орайда Үкіметті қорытындыларды келісу рәсімін қайта қарауға шақырды.

Сондай-ақ Парламентке келетін мемлекеттік органдар басшыларының дайындығы мен депутаттық сауалдарға берілетін жауаптар сапасының төмен екені де айтылды.

Депутаттардың атына 7 мыңға жуық хат келді – Қошанов

Мәжіліс төрағасы келесі аптадан бастап депутаттардың өңірлерге сапары басталатынын айтты.

Мәжіліс спикері келесі сессияда да заң шығару жұмысы қарқынды жалғасатынына сенім білдірді.

Отырыс соңында Ерлан Қошанов Үкімет мүшелеріне екі Палата аппараттарының қызметкерлеріне, сарапшылар қоғамдастығына,  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне бірлескен жұмысы үшін зор ризашылығын  білдірді.

Айта кету керек, жиынға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Мемлекеттік кеңесші, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Конституциялық Соттың, Жоғарғы Соттың, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның төрағалары, Үкімет мүшелері, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары мен Парламент палаталары аппараттарының жауапты қызметкерлері қатысты.