
Елімізде 40 градус ыстық болады
Синоптиктер Қазақстандағы 1-3 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Қазгидрометтің болжамы бойынша, алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады. Ауа температурасы күндіз батыста +27+35°С, солтүстік-батыста +22+32°С, солтүстікте, республика орталығында +30+35°С дейін көтеріледі. Сонымен қатар шығыста + 25 + 33 ° C дейін, оңтүстік-шығыста + 32 + 37 ° C дейін, оңтүстікте негізгі фон + 32 + 40 ° C болады.
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін. Тек 1-2 шілдеде солтүстікте, орталықта, 2-3 шілдеде шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. 3 шілдеден бастап еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды.
1-2 шілдеде батыста, 2-3 шілдеде солтүстік-батыста, 1 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
https://turkystan.kz/article/226904-elimizde-40-gradus-ystyk-bolady/
Келесі мақала
Қазақстан футбол құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024