Ұлттық домбыра күнінде «Алтын домбыра» орталығының 200 шәкірті қазақ күйлерін орындады
Ұлттық домбыра күнінде «Алтын домбыра» орталығының 200 шәкірті қазақ күйлерін орындады

«AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек домбыра – ұлттық мәдениетіміздің, руханиятымыз бен өнеріміздің алтын қазынасы екенін атап өтті.

Сөз соңында партия Хатшысы «Алтын домбыра» орталығының шәкірттеріне қолдау көрсетіп, алғыс хат пен қаржы сертификатын табыс етті. «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев ұлттық домбыраны ұлықтау іс-шаралары елордамен шектелмей, оған ел аумағында бас-аяғы 4 000-ға жуық адам үн қосып жатқанын жеткізді.

Астана қаласының әкімінің орынбасары Есет Байкен қара домбыра халқымыздың болмысымен егіз, мінезімен үндес аспап екенін алға тартты.
Іс-шара барысында «Алтын домбыра» орталығының шәкірттері бір емес, бірнеше күйді орындап, көзіқарақты көрерменнің ризашылығына бөленді. Сондай-ақ, көрермендер арасында викториналар ойнатылып, қызықты сұрақтар қойылды. https://turkystan.kz/article/226981-ulttyk-dombyra-kuninde-altyn-dombyra-ortalygynyn-200-shekirti-kazak-kuylerin-oryndady/