Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

«Сот актілерін орындаудың проблемалық сұрақтары» 

«Сот актілерін орындаудың проблемалық сұрақтары» 
ашық дереккөз
«Сот актілерін орындаудың проблемалық сұрақтары» 
Сарысу аудандық сотында «Сот актілерін орындаудың проблемалық сұрақтары»  атты тақырыпта семинар сабақ  өтті. Семинар сабаққа аудандық соттың төрағасы М.Үркімбаев, судья Д.Кадерқұлқызы, кеңсе меңгерушісі Г.Несіпбекова, Жамбыл облысының жеке  сот орындаушысы  Ш.Молдатай, Талас аудан аралық аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Г.Байзақова, бас маман  А.Шымырбекова қатысты. Аудандық  соттың төрағасы М.Үркімбаев өз сөзінде: аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын  жүргізу ережесіне сай    сот актілері, апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру мерзімі аяқталған соң, егер шағым берілмесе немесе наразылық келтірілмесе, орындауға беруге жатады. Сот актілерінің орындауға берілуін бақылауды аудандық соттың төрағасы және төрағалық етумен істерді қараған судьялар, сондай-ақ кеңсе меңгерушісі жүзеге асырады. Сот актісінің орындалғаны туралы хабарлама істерге, материалдарға қоса тіркеледі. Сот актісінің орындалуы туралы хабарлама түспеген кезде тоқсанына кемінде бір рет еске түсіру жіберіледі. Үкімді, қаулыны, шешімді немесе ұйғарымды орындауға беруге байланысты әрекеттер туралы міндетті тәртіппен істің анықтамалық парағында белгі жасалады. Қылмыстық істер бойынша сот үкімдері, егер оларға шағым берілмесе немесе наразылық келтірілмесе, апелляциялық шағым беру немесе наразылық келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындауға беріледі. Сотталғанның мүлкін тәркілеу және айыппұлды мемлекет табысына өндіру туралы үкімдер бойынша атқару құжаты, сот актісінің көшірмесі, не соттың мөрімен куәландырылған одан үзінді көшірме, және мүлік ізімдемесінің көшірмесі орындау үшін тәркілеуге жататын мүліктің орналасқан жеріндегі атқарушылық іс жүргізу органына жіберіледі. Істе мүліктің тізімдемесі болмаған кезде атқару құжаты мүлік тізімдемесі жасалмағаны туралы анықтамаларды қоса тіркей отырып, сотталғанның соңғы тұрған жеріне жіберіледі. Егер істе мүліктің жоқтығы туралы акт болса, онда атқару құжатына куәландырған анықтама қоса беріледі. Азаматтық істер бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылады, ол өндіріп алушыға беріледі не оның жазбаша арызы бойынша сот орындау үшін тиісті әділет органына не жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді. Бұл ретте атқару парағына аудандық соттың мөрімен куәландырылған сот актісінің көшірмесі (үзіндісі) қоса тіркеледі. Айыппұл түріндегі жаза Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 40-бабында негізгі жаза ретінде көрсетілген, сотталушы сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлды төлеуге міндетті. Қылмыстық атқару кодекстің 50-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес, егер сотталған адам айыппұлды төлеуге  мүмкіндігі болмаса, ол төлеуді  алты айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу туралы сот алдында өтініш жасауға құқылы, айыппұлды бөліп төлеу туралы шешім қабылдаған сотталған адам сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлдың бірінші бөлігін төлеуге міндетті,  сот алдында өтініш білдіру арқылы ұзарта алады. Орындауға жолданған сот актілерінің  ұзақ уақыт бойы орындалмай,  созбалаңдыққа салынуының салдарынан, қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істердің мұрағатқа өткізу мерзімі бұзылатындығын басып айтты. Сот орындаушы Ш.Молдатай: -Атқарушылық іс жүргізу құжаттарын қайтарудың басты себептері бұл атқарушы құжаты сотпен дұрыс жіберілмегені, өз кезегінде, мұндай іс-әрекеттер сот актісінің орындалуын әуре-сарсаңға салып, осы уақыт аралығында борышкердің мүлігін меншіктен шығару мүмкіндігі туындайтынын, сондай — ақ, тұрақты тұратын жері, жұмысы жоқ борышкерлермен сот актілерін орындау аса қиындық туғызатынын атап, сот актілерінің орындалуы үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр,-деп жан-жақты түсіндіріп өтті.

Ұқсас жаңалықтар