СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЗАҢ МЕН ӘДІЛДІККЕ СЫЗАТ ТҮСІРЕДІ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЗАҢ МЕН ӘДІЛДІККЕ СЫЗАТ ТҮСІРЕДІ
Өткен ата-бабаларымыз да дөп басып тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатын. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір заңға қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Осы тұрғыда Республика көлемінде. Адалдық алаңы жобалық кеңселері жұмыстар жүргізуде, Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.Ендігі мақсатымыз саналы ұрпақ қалыптастырып жемқорлықты түбімен жою. Ш.Бейсенбайұлы, Сарысу-Адалдық алаңының жетекшісі