Банк саласында кездесетін алаяқтық қылмыстар
Банк саласында кездесетін алаяқтық қылмыстар
Іс-шарада сөз сөйлеген Сарысу аудандық сотының төрағасы М.Үркімбаев өз сөзінде: -Алаяқтықтың барлық түрінің өзектілігіне қарамастан, банк саласында кездесетін алаяқтыққа аса назар аударған жөн. Бұл саладағы алаяқтық ел аумағында кең етек жайып, барған сайын қауіпті және болжанбайтын сипатқа ие болып, құқықтық реттеу және құқық қолдану деңгейінде оған әсер етудің, онымен қарсыласудың және күресудің тиімді шараларын әзірлеу кезінде қиындықтар туғызатын қылмысқа айналды. Әдетте, банктік және басқа қаржы институттары ақшаны жылыстатудың орны болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасына сәйкес, алаяқтық банк қызметкерінің сенімін асыра пайдалану арқылы жалған төлемдерді немесе басқа адамдардың жеке және басқа да құжаттарын ұсынып, өзінің немесе басқа адамдардың пайдасына банктік шоттардағы ақша қаражаттарын алдау жолымен өтеусіз түрде аударып алу болып саналады. Қаржылық алаяқтықтың несиелендіруге қатысты түрі де аз емес. Олар: ақшалай, ипотека және тұтынушылық несиелер. Алаяқтар көбінесе автонесие немесе тұтынушылық несие келісімінің аясында қаражатты жымқырады. Олар автокөлікті қылмыстық жолмен сатып алып, содан кейін сатады және түскен қаражатты өз қалауы бойынша жаратады. Осылайша, несиені адал алушыларға, банктерге, азаматтарға және жалпы мемлекетке зиян келтіріледі. Несиелік келісім бойынша несиелік қатынастар қылмыстық қорғаудың пәні болып табылады. Несиелеу саласы бұл норманы қолданатын аймақ, қол сұғушылық объект ретінде несиелік келісімшарт жасасу нәтижесінде алынған қаражат болса, банк немесе басқа несие беруші жәбірленуші болып саналады. Қаржылық жағдай, кепілзат немесе несие алу үшін маңызды басқа жағдайлар туралы қасақана жалған ақпарат бере отырып, алдау жолымен өз меншігіне айналдыру үшін субсидия арқылы немесе қайтаруға ниеттенбей алынған несие де алаяқтыққа жатқызылады. Көптеген еңбектерде авторлар жәбірленуші тарап ретінде тек банкті бөліп көрсетеді. Бұнымен дауласуға да болады, мысалы, автокөлік несиелерінде алаяқтар жүктелген көліктерді, бұл туралы хабарсыз адал сатып алушылардың кейбір білместіктерін немесе құқықтық сауатсыздығын пайдалана отырып, алдау, шатастыру немесе психологиялық қысым жасау арқылы сатып жібереді. Болашақта, атқарушылық іс жүргізілетін болса, банк жалға берілген ақшаны қайтарып алу және несие бойынша қарыз сомасын жабу үшін кепілге қойылған автокөлікті өз қарамағына алады. Бұндай жағдайда ақшасыз және сатып алған көлігінсіз қалған адал сатып алушыға материалдык және моральдық зиян келтіріледі. Сәйкесінше, ол да жәбірленуші болып танылуы керек. Тұтынушылық несиелеу саласында орын алатын қылмыстың түрі төмендегідей: -Алаяқ бірнеше несиелік мекемелерде және банктерде шағын көлемдегі несиелерді алып, кейін қаражатты қайтару жауапкершілігінен қашып, жоғалып кетеді: дұрыс емес, жалған, жоғалған болып саналатын және ұрланған құжаттар мен куәліктерді пайдаланады; сауалнамалар мен өтінімдерде қате немесе ақиқатқа сай келмейтін деректерді керсетеді; әлеуметтік жағдайы төмен, тұрақты мекен жайы жоқ адамдарга аз мөлшерде пара беру арқылы оларды қарыз алушы ретінде танытып, несиелік келісім жасасуға тартады; Соңында алданып қалатын және алаяқ үшін қарызын төлеуге мәжбүр болатын кепілгерлерді тартады; Жүктелген мүлікті кепілге қояды; Өзінің қызметтік жағдайын пайдаланады (адамдар алынған несиені өз пайдасына қарай қолданады). Жоғарыда аталған әдістердің барлығы жәбір- ленушіні алдау және адастыру арқылы өз ұпайын түгендеуге бағытталған. Бұл жерде банктердің несие алушыларға қоятын талаптарының біршама жеңілдеуі несиелеу саласындағы алаяқтық деңгейінің жоғарылауына ықпал ететіндігін атап өткен жен. Қылмыскерлер қолма-қол ақшасыз қаражатты жымқыру үшін «вексель схемасы» деп аталатын әдісті қолдануы мүмкін. Әдетте, қолма-қол ақшасыз қаражат қылмыскерлер алдын- ала жасап қойған бір күндік компания шотына орналастырылады. Қылмыстың бұл түрінің алдын-алу үшін келесі шаралар қажет: ■ қаржы-несие мекемелері қызметкерлерінің арасында заң талаптарын, ішкі актілерді, ережелер мен рәсімдерді сақтауға, несие ұйымдары қызметкерлерінің жұмысын бақылауды қатаңдатуға бағытталған алдын- алу жұмыстарын жүргізу; ■ осы мекемелердің қауіп-сіздігін қамтамасыз етуге және мүдделерін қорғауға жауапты тиісті қызметтерге кәсіби оқытуларды жүргізу; ■ құжаттаманы рәсімдеу ке-зінде бұзушылықтарды анықтау үшін сыртқы сарапшыларды тарта отырып, арнайы аудиторлық тексерулер жүргізу; ■ тәуекелдерді жүйелі түрде зерттеу және осы тәуекелдерді тиімді басқару бойынша шаралар әзірлеу. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұл мәселе туралы азаматтарды үнемі хабардар етіп отыру қажет, өйткені қазіргі уақытта адамдар өте сенгіш және алаяқтардың психологиялық әсеріне оңай түсіп қалады. Несие беру саласындағы алаяқтыққа тек қылмыстық- құқықтық жүйе арқылы қарсы тұру іс жүзінде мүмкін еместігін атап өтті. «SARYSÝ-AQPARAT»