Орманымызды өрттен сақтайық
Орманымызды өрттен сақтайық
Мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 532 092 гектар жерді құрайды. 7703 гектар жері таулы өңір -1,5 %, және 524 389 гектар тегіс құмды өңір -98,5 Мекеменің мемлекеттік орман қоры жері 10 негізгі бөліктен құрылған. Үш бөлік «Бетпақ-Дала» құмды өңірде орналасқан, Екі бөлік «Мойынқұм» құмшауыт өңірінде орналасқан, Бес бөлігі Каратау және (Боралдай) таулы өңірде орналасқан мекеменің, осы үш орманшылықтағы 24 айналымды өрт қауіпті кезеңінде өрт болдырмау үшін 20-орманшы-қорықшы, 3-орман шебері, 3- Орманшылық басшысы бақылауда ұстайды. Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағайдан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. ҚР Конституциясының 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» делінген. Сондықтан өрттен қорғану қоғамның әрбір мүшесінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Жыл сайын Жамбыл облысы Әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бұйрығымен наурыз-қазан айлары аралығы өрт қауіпті маусым айлары болып белгіленеді. Орман шаруашылығының мекемелері наурыз айынан бастып өрт қауіпті маусымға дайындық жұмыстарын жүргізеді. Орман өрттерін алдын алып, өртті болғызбау үшін жанар-жағар май қорларын, өртке қарсы техникаларды, құрал-жабдықтарды дайындау, бақылау обьектілерін жөндеу, өрт қауіпті маусымда өртті болғызбау жөнінде баспасөз беттерінде мақалалар жариялау, тәуліктік кезекшілік ұйымдастыру, өртке қарсы минералдандырылған жолақтарға күтім жасау, орман қорғау тақырыптарына аншлагтар әзірлеу, жанар- жағар май материалдарының резервтік қорын құру, телефон және радио байланысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша шараларды ұйымдастыратын болады. Орман шаруашылық мекемелері 2023 жылға орман өртінің алдын-алу және өрт болған жағдайда оны сөндіру жөнінде аудандағы төтенше жағдайлар, ІІБ мемлекеттік мекемелерімен келісе отырып, іс-шаралар жоспарын жасақтап бекітті. Бұл жұмыстардың барлығы өртті, оның ішінде орман өртін болдырмау, өрт зиянын, оның қауіптілігін тұрғындарға түсіндіру болып табылады. Орман өрттері, яғни, орманның кенеттен бақылаусыз жануы өте көп зиян тигізеді. Осындай апаттар мен одан пайда болған төтенше жағдайлар елдің көптеген аймақтарында болып тұрады. Бұл жағдайлар кейде адамдардың іс-әрекеттерінен де болады. Ыстық ауа-райы кездерінде, егер жауын-шашын ұзақ уақыт болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған от әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Орман өрттерімен қоса дала өрттеріне де жол бермеуіміз керек. Себебі дала өрттері барып орманға ұласып кетуі мүмкін. Өрт қауіпті маусым, шілде айларында, шөптердің қурап, күн жоғарғы температурада қызған кезде, дала өрттерінің туындауы ықтимал. Аудандағы жеке және заңды тұлғалар мал азығын дайындау кезінде өрт қауіпсіздігін қатаң сақтаулары тиіс. Өртті өшіргеннен көрі алдын алу әлдеқайда оңай екені белгілі. Сондықтан өртке қарсы қызмет істерін тиісті мекемелер және барлық аудандағы жеке және заңды тұлғалар болып, орман және дала өрттеріне жол бермейік, ормандарымызды өрттен қорғайық. Алдағы уақытта өрт орын алған жағдайда жедел түрде мына төмендегі байланыс құралдарына хабарласуларыңызды сұранамыз: тел.2-16-81, ұялы телефондар 87781461101, 87758353431, 87081811014 Т.Самкенов, Орман күзету және қорғау инженері