ҚЫЛМЫС ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
ҚЫЛМЫС ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
Пробация қызметкерлері бұл мақсатта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, арнайы жоспар аясында бос жұмыстар орындарына жұмысқа орналастыру жұмыстарын жүргізіп, Пробациялық есепте тұрған, жазасын өтеп жатқан сотталғандар медициналық және әлеуметтік-құқықтық көмек алады. Сотталғандардың арасында түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Мәселен, ағымдағы жылдың 15 және 25 мамыры күндері аралығында өткен «Подучетник» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында есепте тұрғандардың сот жүктеген міндеттерін орындамай, жазасын өтеуден жалтарып жүргендері анықталды. Аталған іс-шара аясында бірнеше заң бұзушылықтар орын алып, 7 азаматқа ескерту беріліп, 3 сотталғанға қатысты жеке іс құжаттары сотқа жолданды. Бұл күндері Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті Сарысу аудандық пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрғандар арасында бірнеше заң бұзушылықтар анықталды. Нақтылай түссек, есепте тұратын «О» есімді азаматтың сот жүктеген міндеттерді бірнеше рет өрескел бұзғаны белгілі болды. Тексеріс барысында сотталған азаматтың түнгі мезгілде тұрғылықты мекенжайында болмаған. Пробация қызметкерлерінің ұсынысына сай, осы азаматқа қатысты Сарысу аудандық сотында сот отырысы өтіп, нәтижесінде аудандық соттың қаулысымен оның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылды. Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады. Пробациялық бақылауда тұратын әр бір азаматтың мінез-құлқы жіті бақылауда болады. Жалпы, жазаның өтеу тәртібін бұзу бас бостандығынан айыруға апаратын бұл жағдай есепте тұрған басқа да сотталған азаматтарға сабақ болады деп үміттенеміз. А.Айтжанов, Жамбыл облысы бойынша Сарысу аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы