Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЛҚА БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЛҚА БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
ашық дереккөз
САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЛҚА БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Мемлекет басшысы елімізде билер институтын құрып, ел арасындағы түйткілді мәселелерді оңтайлы шешудің тетіктерін қарастыруды тапсырған болатын.
Біздің ауданда 2019 жылдан бері 5 азаматтан құралған аудандық алқа билер кеңесі жұмыс атқарып келеді.
Аталмыш кеңестің құрамына әр салада беделді жұмыс атқарған ел ағалары кірген.
Алқа билер жұмысының басым бағыты қоғамдағы сан түрлі дау-дамайлардың алдын алып, сотқа жеткізбей шешіп, дауласқан тараптарды мәмілеге келтіру, мәселенің оң шешімін табуға көмек беру.
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов аудандық алқа билер кеңесінің мүшелерімен кездесті.
Кездесуде Сарысу аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов жыл басынан бері атқарған жұмыстарын айтып өтті.
- Қоғамның алға басуы үшін елдің татулығы маңызды. Бұл бәрімізге ортақ міндет. Дауласқан тараптардың мәселесін сотқа дейін жеткізбей, ушықтырмай, дер кезінде алдын алып, бейбіт келісімге келтіруде қоғамға мүмкіндіктеріңізге қарай көмек көрсетіп келесіздер. Алдағы уақытта да туындаған мәселелерді бірге шешетін боламыз, - деген аудан басшысы кеңес мүшелерінің пікірлерін тыңдады.
Кеңес мүшелері өз ойларын айтып, пікір алмасты.