Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Аудан әкімі қоғамдық ұйымдар мен этно-мәдени орталық жетекшілерімен кездесті

Аудан әкімі қоғамдық ұйымдар мен этно-мәдени орталық жетекшілерімен кездесті
ашық дереккөз
Аудан әкімі қоғамдық ұйымдар мен этно-мәдени орталық жетекшілерімен кездесті
Аудан әкімі қоғамдық ұйымдар мен этно-мәдени орталық жетекшілерімен кездесті Бүгін аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында аудан әкімі Сәкен Мамытов аудандағы қоғамдық бірлестіктер, ауған соғысы ардагерлері, ауған-тәжік шекарасындағы ұрыс қимылдарға қатысқандар, Семей апатынан зардап шегушілер ұйымдарының және аудандық этно – мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесті. Жиын барысында аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы қоғамдық ұйымдар мен этно-мәдени орталықтардың атқарып жүрген жұмыстарымен, алдағы жоспарлы іс-шараларымен танысты. Қоғамдық ұйымдардың, этно-мәдени орталықтардың аудан дамуы жолында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс атқарып, осы бағыттағы жұмысты одан әрі жандандыру керектігіне тоқталды. Қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік органдардың сенімді әріптесі әрі аудан тұрғындарының ерік-жігерін білдіретін ұйымдар екендігін айтып, проблемалық мәселелерін тыңдады. Өз кезегінде қоғамдық ұйымдардың, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыс атқарып жүрген қоғамдық бірлестіктер өз жұмыстарымен бөлісті. Жиынға қатысушылар өзара пікір алмасты.  

Сарысу ауданы

Ұқсас жаңалықтар