Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

КЕНШІЛЕР ҚАУЫМЫ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

КЕНШІЛЕР ҚАУЫМЫ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
ашық дереккөз
КЕНШІЛЕР ҚАУЫМЫ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
Қасиетті Құрбан айт мерекесі күндері әрбір мұсылман баласы Жаратушы Иеге сыйынып, ел тыныштығы мен халық бірлігін, отбасының амандығын тілеген.
Ұлысты ұйыстыратын осы ұлағатты мейрамды ауданымыздағы іргелі кәсіпорын «Қазфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің ұжымы да жоғарғы деңгейде атап өтті. /></div> <div dir=Мерекелік шарада ауданның бас имамы Ғалымжан Қонақбаев сөз сөйлеп, Құрбан айттың маңыздылығына тоқталды. Құрбан айт мерекесінде тек құрбандық шалумен ғана шектелмей, тұрғындардың есінде қалатындай мереке ретінде атап өту керектігін айтып, шараның ұйымдастырып отырған кеншілер қауымына алғысын білдірді.
Мерекелік концерттік бағдарламаны айтыскер ақын Талғат Құсайынов арнаумен ашып, кәсіпорының көркемөнерпаздары би билеп, әннен шашу шашты.
Жаңатас қаласындағы орталық стадионға қала тұрғындарына, кешен ардагерлері мен жұмысшы - қызметкерлеріне  /><span style=дастархан жайылып, мерекелік шараға жиналғандар дастарханнан дәм татты.
Әруақтарға Құран бағышталды.
Қариялар ақ батасын беріп, елдің тыныштығын, отбасының амандығы мен береке – бірлігін тіледі.
Шара барысында спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Сарысу ауданы