Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
ашық дереккөз
САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының көшпелі отырысын өткізу аясында Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Л.Ілебаев және Сарысу ауданының әкімі С.Мамытов ауданның зиялы қауым өкілдерімен бейресми форматта кездесті.
 width=
🟡Іс-шара барысында Л.Ілебаев мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі уақытылы берілуі тұрақты бақылауда кенедігін және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізіліп жатқан жаңашылдықтар, оның ішінде мемлекеттік қызметке кіру рәсімін оңайлату, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы әңгімеледі.
🟢Мәселен, жоғары оқу орнын үздік бітірген азаматтар бір жыл ішінде конкурссыз аудан және ауылдық деңгейдегі төмен тұрған лауазымдарға орналаса алатындығы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге бағалау нәтижесі бойынша бонустар төлеу мәселелері қатысушылардың назарына жеткізілді. width=
🟡Сонымен қатар, зиялы қауым өкілдерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын әрі қарай жақсарту бойынша ойларын тыңдап, сонымен қатар, кәсіби мемлекеттік аппаратты дамыту жөніндегі пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.
🟢Жиын соңында Лесбек Құралбайұлы қатысушыларға алғысын білдіріп, қажырлы еңбек және өмірлік тәжірибесі бар тұлғалар ауданның да, жалпы облыстың да дамуына баға жетпес үлес қосатынын атап өтті.
 width=
 /></div> </div> <div class=

Ұқсас жаңалықтар