
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Ауданда ардагерлер арасында спорт түрлерінен жарыстар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Спортсүйер қариялар жарысқа құлшыныспен келіп, қатысып жатқаны көңіл қуантады. Өйткені, спорттық шаралар біріншіден, ардагерлерге күш-қуат берсе, екіншіден, жас ұрпаққа үлгі – өнеге.

Аға буын өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыруға белсене араласуы аудан тұрғындары мен жастардың спортпен шұғылдануына үлкен бағыт – бағдар екендігі сөзсіз


Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Сәкен Мамытов арнайы қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтап, ардагерлерге сәттілік тіледі.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев сөз алып, құттықтау лебізін білдірді.

Тартысты өткен жарыстың жекелеген спорт түрлері бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлерін аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы өзі марапаттап, арнайы дайындалған дипломдармен, заттай сыйлықтарды табыс етті.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Келесі мақала
АУДАН ӘКІМІ ДОСБОЛДЫҚТАР ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024