Жаңалықтар

Қызылордада тағы бір адам кене шаққаннан қайтыс болды

Қызылордада тағы бір адам кене шаққаннан қайтыс болды

Қызылорда облысында конго-қырым қанды безгегіне қолайсыз 106 елді мекен анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды деп хабаралады

 turkystan.kz. Өңірде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Жауапты сала мамандары тұрғындарды барынша сақ болуды айтып, дабыл қақты. Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде конго-қырым қанды безгегін жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 29 науқас тіркелді. Оның ішінде 10 жағдай нақтыланып, 3 адам қайтыс болған деп жазды sputnik.kz.

Мамандардың айтуынша, жыл сайын облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп келеді.

Қызылорда – конго-қырым қанды безгегінің табиғи ошағы. Сондықтан қала және барлық ауданда кенеге қарсы көктемгі жұмыстар 2 кезеңмен жүргізіледі. Конго-қырым қанды безгегі – өте қауіпті аурулардың бірі. Бұл аурудың ең алғашқы белгілері: адамның басы айналады, жүрегі айнып, дене температурасы көтеріледі, әлсіздік пайда болады, іші ауырады. Егер адам өзінен осындай белгілерді байқаса міндетті түрде медициналық көмекке жүгінуі керек.