Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды
- NAQ.KZ
- 11 шілде, 2023
- 43

Қазақстандық оқушылар Эль-Айн қаласында өткен биология бойынша 34-ші халықаралық Олимпиадада жеңімпаз атанды деп хабалады turkystan.kz.
IBO – 15 пен 21 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған ғылыми жарыс, 1990 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы жарысқа әлемнің 79 елінен 316 оқушы жиналды. Қазақстан құрама командасының қатарында Астана және Алматы қалаларының 4 оқушысы қатысып, барлығы да олимпиаданың жүлделі орындарын иеленді.
«Медальдар қоржынын екі күміс жүлдемен Омар Дінмұхаммед пен Бақдәулет Ерназаров толықтырды. Ал, қола медальды Ғалымжан Бақтыбай мен Ислам Амангелді алды», – дейді «Дарын» РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Гүлсара Мұқаш.
Халықаралық комитеттің шешімімен биология бойынша 35-ші Халықаралық олимпиада (IBO-2024) Қазақстанда ұйымдастырылады, біздің еліміз бұл олимпиаданы алғаш рет өткізеді.
https://turkystan.kz/article/227561-kazakstandyk-okushylar-halykaralyk-olimpiadada-4-medal-zhenip-aldy-3/Сарысу бойының ғалым қызы
Ұқсас жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024