Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар Эль-Айн қаласында өткен биология бойынша 34-ші халықаралық Олимпиадада жеңімпаз атанды деп хабалады turkystan.kz.

IBO – 15 пен 21 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған ғылыми жарыс, 1990 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы жарысқа әлемнің 79 елінен 316 оқушы жиналды. Қазақстан құрама командасының қатарында Астана және Алматы қалаларының 4 оқушысы қатысып, барлығы да олимпиаданың жүлделі орындарын иеленді.

Халықаралық комитеттің шешімімен биология бойынша 35-ші Халықаралық олимпиада (IBO-2024) Қазақстанда ұйымдастырылады, біздің еліміз бұл олимпиаданы алғаш рет өткізеді.

https://turkystan.kz/article/227561-kazakstandyk-okushylar-halykaralyk-olimpiadada-4-medal-zhenip-aldy-3/