Елімізде электрик, сантехник, дәнекерлеушілердің айлығы 50-100% өседі
Елімізде электрик, сантехник, дәнекерлеушілердің айлығы 50-100% өседі
Қазақстанда коммуналдық сала қызметкерлерінің, яғни электрик, сантехник, дәнекерлеушілердің айлығы өседі.
Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Тағы бір өзгеріс – иесіз желілерді кезең-кезеңімен беру. Осылайша, 25 мың шақырымнан астам коммуналдық желі сенімгерлік басқаруға және коммуналдық меншікке берілмек. Қабылданған түзетулер коммуналдық кәсіпорындардың иесіз желілерді ұстауға және пайдалануға жұмсаған шығындарын өтеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың қамтылуын арттыруға және көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. https://turkystan.kz/article/227620-elimizde-elektrik-santehnik-denekerleushilerdin-aylygy-50-100-osedi/