
Алдағы үш күнде 45 градус ыстық болады
Синоптиктер 13-15 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz. Метеорологтардың болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағы арқылы өтетін батыс циклонына байланысты, 14-15 шілдеде солтүстік-батыста найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. 15 шілдеде елдің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз.
13 шілдеде оңтүстікте, 13-14 шілдеде солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, Қазақстанның орталығында 45 градусқа дейін қатты ыстық болады. Республика аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндізгі ауа температурасының төмендеуі солтүстікте және орталықта 30 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 30-37 градусқа дейін ыстық болады. Республиканың батысында 25-35 градус жылы.
https://turkystan.kz/article/227603-aldagy-ush-kunde-45-gradus-ystyk-bolady/
Келесі мақала
Теміртауда пәтер өртеніп, 8 жасар қыз мерт болды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024