
Таразда «Zerbulaq»-тан басқа 18 бассейн бар
Жуырда Тараз қаласында «Zerbulaq» мәдени-сауықтыру демалыс аймағы ашылды.
Жалпы ауқымды жоба өңір туризімін дамыту бағдарламасы шеңберінде қолға алынған. Құны 1,2 миллиард теңгені құрайтын демалыс аймағы 1,9 гектар аумақты алып жатыр.

– Бұл құрылыстың бірінші кезеңі ғана. Қазірдің өзінде кешенде төрт бассейін, түрлі әткеншектер, биіктен сырғитын сырғыма сияқты орындар жұмыс жасап тұр. Қондырғының барлығы Түрік елінен әкелінген. Қауіпсіздігі өте жоғары. Бассейндегі су халықаралық стандартқа сай келеді. Әрбір екі сағат сайын ауыстырылып тұрады. Енді екінші және үшінші кезеңде сервистік кластерімізді дамытамыз. Бес жұлдызды қонақ үйлер мен түрлі тынығу орындары келушілерге қызмет көрсететін болады, - дейді «South Holiday» ЖШС басшысы Айбек Оршубеков.



Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024