
Жетісу облысында 15 лауазымды тұлға ұсталды
Жетісу облысының бюджетінен 16,5 млрд қолды болған. Прокурорлар осы дерек бойынша бес бірдей қылмыстық іс қозғап, 15 лауазымды тұлға қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. Сонымен қатар, осындай айыппен тағы екі қылмыстық іс сотқа жолданды.
Прокурорлардың айтуынша, шенеуніктер былтыр да дәл осылай қазына қаражатынан 420 миллион теңге ұрлаған. Осы күнге дейін 5 адамға қатысты сот үкімі шығып, мемлекетке 230 миллионнан астам теңге қайтарылды.
Бұдан бөлек, Талдықорғанда коттедж қалашығын салу кезінде бюджеттің жарты миллиард теңгесін жымқырғандар да ұсталды.
«Бірқатар мемлекеттік қызметкер қамауға алынып, қазір тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Жақын арада соңғы процессуалдық шешім қабылданып, іс сотқа жолданады, кінәсі дәлелденетін барлық тұлғалар да анықталатын болады», – деді Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев.https://turkystan.kz/article/227692-zhetisu-oblysynda-15-lauazymdy-tulga-ustaldy/
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024