Жетісу облысында 15 лауазымды тұлға ұсталды
Жетісу облысында 15 лауазымды тұлға ұсталды
Жетісу облысының бюджетінен 16,5 млрд қолды болған. Прокурорлар осы дерек бойынша бес бірдей қылмыстық іс қозғап, 15 лауазымды тұлға қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, осындай айыппен тағы екі қылмыстық іс сотқа жолданды. Прокурорлардың айтуынша, шенеуніктер былтыр да дәл осылай қазына қаражатынан 420 миллион теңге ұрлаған. Осы күнге дейін 5 адамға қатысты сот үкімі шығып, мемлекетке 230 миллионнан астам теңге қайтарылды. Бұдан бөлек, Талдықорғанда коттедж қалашығын салу кезінде бюджеттің жарты миллиард теңгесін жымқырғандар да ұсталды.
https://turkystan.kz/article/227692-zhetisu-oblysynda-15-lauazymdy-tulga-ustaldy/