
Елімізде жаңадан банк омбудсмені сайланды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 40-1-бабына сәйкес өкілдер кеңесінің кезектен тыс отырысының қорытындысы бойынша Дархан Қадырбайұлы Нұрпейісов көпшілік дауыспен банк омбудсмені болып сайланды. Бұл туралы turkystan.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Дархан Қадырбайұлының заңгерлік білімі бар, заң ғылымдарының докторы, профессор, іскерлік басқару магистрі (МВА).
Банк секторында жұмыс өтілі бар, Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінде, ҚР Ұлттық банкінде басшылық лауазымдар атқарған.
Агенттік Ерсерік Дәменұлы Сиырбаевқа банк омбудсмені лауазымындағы тиімді жұмысы, аталған институттың қалыптасуына және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
https://turkystan.kz/article/227852-elimizde-zhanadan-bank-ombudsmeni-saylandy/
Келесі мақала
Астанада есірткі сатқан 19 жастағы жігіт ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024