
Астанада студент науқастар мен аутизмі бар балаларды азаптаған
Медициналық оқу орны студентінің хоспис пациенттері мен мүгедектігі бар балаларды қорлау фактісі анықталды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Іс бүгінде соңғы сатыда. Нәтижелері бойынша қорытынды процессуалдық шешім қабылданатын болады. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Сонымен қатар, күдіктінің адвокаты материалдармен бір ай бойы танысып жатыр. Бас прокуратурамен байланыстамын, іс менің бақылауымда. Меніңше, мұндай іс-әрекеттер заңның бар қатаңдығымен қарастырылуы керек», – деп жазды Динара Зәкиева Facebook парақшасында.Айта кетейік, Астанада 22 жастағы студент хоспистегі егде жастағы науқастар мен оңалту орталығындағы аутизмі бар балаларды азаптады деген күдікке ілінді. Ол науқастарды мазақ етіп, видеоға түсірген. https://turkystan.kz/article/227981-astanada-student-naukastar-men-autizmi-bar-balalardy-azaptagan/
Келесі мақала
Ақтауда әйел футбол ойнап жүрген баланы ұрған
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024