
🇰🇿ЖАСТАР "ТОЛАҒАЙ" ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫН ӨТКІЗДІ
Бүгін аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі "Жастар ресурстық орталығының" ұйымдастыруымен Көлқайнар ауылдық округінде "Толағай" спорттық сайысы болып өтті.
Тастөбе ауылында жуырда ғана ашылған су жаңа спорт алаңшасында өткен жарысты "Жастар ресурстық орталығының" директоры Жандар Тоқсаба мен округ әкімі Асылбек Қонаров ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс ата-аналарды қатыстыра отырып, баланы өмірде белсенді болуға, қимыл қозғалыс қабілеттерін дамыту, төзімділікке дамыту арқылы салауытты өмір салтын ұстану мақсатында ұйымдастырылды.
5 кезеңнен тұратын жарыс тартысты әрі қызықты өтті.
Нәтижесінде І-ші орында Аса ауылдық округі, ІІ орынды Ақбастау ауылдық округі, ІІІ орынды Қарасу ауылдық округі жеңіп алды.
Жеңімпаздарды аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мади Жанұзақов арнайы құттықтап, жарысқа қатысқан барлық отбасыларға жылы лебізін білдірді.
Жүлдегерлерге ұйымдастырушылардың атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024