
ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ
Жексенбі күні аудан әкімінің орынбасары Жақсыбек Исақов Айдарлы, Биназар, Бірлік, Көкжелек елді мекендерін аралап, ауыз су тораптары, жол және құрылыс жүргізіліп жатқан нысандардың жұмысымен танысты.
Алдымен аудан әкімінің орынбасары Жақсыбек Сағымбекұлы Айдарлы ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің жұмыстарын бақылады. Бұл нысанды «Нурбек» ЖШС ұтып алып, жұмыстарын жүргізуде. Жобаның сметалық құны 359 млн. 573 мың теңгені құраса, бас мердігер 326 млн.698 теңгеге ұтып алып, құрылыс жұмыстарының 2023 жылдың оныншы айында аяқтауды көздеп отыр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 45 пайызы аяқталған. Мұнда аудан әкімінің орынбасары құрылыс жұмыстарының сапасына мән беріп, ауылдық округ әкімі Әділет Мұқашевқа нысанды тиянақты бақылауын тапсырды.
Бұдан кейін ауылдағы №3 ауыз су имаратының жай-күйімен танысып, ішкі абаттандыру жұмыстары мен бейнекамералардың жағдайын көріп, тазалау жұмыстарын жүргізу үшін және түйіткілді мәселелер бойынша округ әкімі Әділет Мұқашевпен талқылап, нақты тапсырма берді. Содан соң № 2 орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын барысын көрді. Мұнда құрылыс жұмыстарын бас мердігер «Dauren Build» ЖШС жүргізіп, ауылдық округтен 35 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Ал құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2023 жылдың он бірінші айына жоспарланған.
Мұнда аудан әкімінің орынбасары Жақсыбек Сағымбекұлы құрылыс жұмыстарының сапалы болуы арқылы тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру маңызды екенін атап, жұмысты бұдан әрі ширатуды тапсырды. Содан соң орташа жөндеуден өткізу үшін Абай, Смағұл көшелерін аралап шықты.
Сапар соңында аудан әкімінің орынбасары Жақсыбек Исақов Биназар, Бірлік ауылындағы су имаратының жағдайымен танысып, Көкжелек ауылындағы жүргізіліп жатқан ауыз су торабының қазіргі жағдайын көрді. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан әлеуметтік нысандарды аралау барысында Жақсыбек Сағымбекұлы атқарылған құрылыс жұмыстарын саралап, мердігерлер мен ауыл әкімдеріне нақты міндеттер жүктеп, барлық стандарттарға сәйкес жүйелі жүргізуді тапсырды.
Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ,
«Мойынқұм таңы».
Келесі мақала
ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ АЙТАРЫ БАР
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024