
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес тоқсан қорытындысымен аудан әкімі Әлихан Балқыбековтің Ұланбел, Қарабөгет және Қылышбай елді мекендерінің тұрғындарымен кездесу жоспарланған болатын.Осыған байланысты өткен аптада аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы шалғайда орналасқан халықтың ұсыныс пікірлерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.
Алдымен кездесу Ұланбел ауылдық округінде өтті. Кездесу барысында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков ауылдардағы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
-Сіздер білесіздер өткен жылы ауылда ауыл әкімі аппаратының ғимараты 13 млн. ауылдық клуб 16 млн. және полиция тірек пунктіне 6 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Онымен қоса 269 млн. теңгеге М.Әуезов орта мектебі күрделі жөндеуден өтті. Енді кезекте өздеріңіздің ұсыныстарыңыз бойынша Беккер шұңқырына 2,8 млн. теңгеге ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды – деді аудан басшысы.
Содан соң ауыл тұрғындарының сауал – ұсыныстарын тыңдады. Ауыл тұрғындары ұялы байланыс интернеті мәселесін, Беккер шұңқыры, интернат ғимаратын жөндеп, балабақша етіп беру жұмыстарын жүргізіп беруін сұранды. Тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдаған аудан басшысы, бұл мәселелерді шешу бағытындағы жасалып жатқан жұмыстарды түсіндірді.
Келесі кездесу Қарабөгет ауылында өтті. Мұнда да аудан әкімі Ә.Балқыбеков ауылдағы жасалған жұмыстарды атап өтіп, алдағы уақытта атқарылатын міндеттерді ауыл тұрғындарымен талқылады.
Атап кетер болсақ өткен жылы Қарабөгет ауылдық округінде С.Сейфуллин, Құлтаев, Абай көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ал Қуанышбаев, Жиенбаев, Рысқұлов көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.
Жиын барысында ауыл тұрғыны Уалихан Бидайбеков жайылымдық алқапқа су шығару үшін «Қарақыл» бөгетін қайта нығайтып беруін сұрады. Өз кезегінде аудан әкімі Ә.Балқыбеков ауылдық округ әкіміне осы сауал бойынша нақты тапсырма берді.
Түс қайта аудан әкімі Ә.Балқыбековтің халықпен кезекті кездесуі Қылышбай ауылындағы Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектепте өтті. Мұнда да аудан басшысы ауылға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға анықтама беріп, тұрғындардың сауалдарына құлақ түрді.
Онда ауыл тұрғындары ауыл ішіндегі электр бағаналары мен жарықтары, ауыз су, егін су мәселелерін көтеріп, ветеринария мамандарына өздерінің сауалдарын жеткізді.
Мұнан өзге де жергілікті жерде көтерілген бірқатар мәселелерге, аудан әкімі Ә.Балқыбеков сала басшыларымен бірге тиісінше жауаптар берді.
Ауылдарда өткен жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Н.Саурықов, аудан әкімінің орынбасарлары Е.Әмірханов, Ж.Исақов және бөлім, мекеме басшылары қатысты.
ХХХ
Келесі күні аудан әкімінің апталық іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылотау, Қызылтал ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесулерге ауыл тұрғындары мен аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлының Қызылотау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі Күшаман ауылындағы Амангелді атындағы шағын орталықты орта мектебінің мәжіліс залында өтті. Жиында ауыл тұрғындары Мырзахмет, Мейірбек Шынжарбековтер, ауылға егін суының жетіспей жатқаны, мал дәрігерлерінің қызметтік көлігінің тозығы жеткендігі, былтыр салынған асфальттың сапасының нашарлығы, ауылға кіретін каналға салынған шлюздің қателіктері және «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несиенің шарттары туралы бірқатар сұрақтар қойып, аудан әкімі мен тиісті бөлім басшыларынан жауаптар алды.
Түс ауа Көкжелек ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің акт залында Қызылтал ауылдық округінің тұрғындарымен осы форматтағы кездесу өтті. Кездесуде ауыл тұрғындары ауылда жасалып жатқан игі істер үшін аудан әкіміне алғыс білдіріп, ендігі ретте жұмыстардың сапалы атқарылуына ықпал ету туралы сұраныс жасады.
Кездесулердің соңында аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы тұрғындар қойған сұрақтар бойынша бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ,
Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ,
«Мойынқұм таңы».
Ұланбел, Қарабөгет, Қылышбай,
Қызылотау, Қызылтал ауылдары.
Келесі мақала
БИНАЗАР БАБА КЕСЕНЕСІ ЖАНЫНАН ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024