Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
ашық дереккөз
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
Белгілі композитор-әнші, ән-күй пәнінің еңбегі сіңген ұстазы, бірнеше ән жинақтарының авторы, Мыңарал ауылының тумасы, белгілі азаматы Болат Аяпбергенов бүгінгі күні үлкен дәрежеге жетіп еліне, жеріне сіңген еңбегі бағаланып бізді бір қуантып отыр.
Айта кетсек: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған Болат Аяпбергенов «Bilim-orkeniet» ұлттық-инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының І дәрежелі дипломымен және қоғамға қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» атты төсбелгісімен марапатталып, атаулы Республикалық байқаудың материалдар жинағының энциклопедиясына енгізілді. № 08062023466.
«Мойынқұм таңы» газетінің ұжымы композитор-әнші Болат Аяпбергеновті жаңа марапатымен құттықтап, деніңіз сау болып, жазарыңыз мол болсын деп тілектестігін білдіреді.

Мойынқұм Таңы

Ұқсас жаңалықтар