Мердігерлер Мағжан Жұмабаев ауданындағы мектептің жөндеу жұмысын уақытында аяқтамаған
Мердігерлер Мағжан Жұмабаев ауданындағы мектептің жөндеу жұмысын уақытында аяқтамаған
Жақында білім беру мекемесіндегі жөндеу жұмысының барысымен «AMANAT» партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов танысты. Осылайша, мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 60 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға смета бойынша 4 витражды, 2 және 3 қабаттағы 85 терезені, спорт залдағы 6 терезені, спортзалдағы киім ауыстыратын бөлменің 4 терезесін, сондай-ақ жылыту жүйесін ауыстыру жоспарланған. Сонымен қатар, сметада ауданы 275,1 шаршы метрді құрайтын бірінші қабаттағы залды жөндеу және 298,5 шаршы метр акт залды қарастырылған.

Осы аптаның соңына дейін жұмысшылар еденге плитка мен линолеум төсеу жұмыстарын аяқтауы керек еді. Бірақ бұл жұмыс тек 20%-ға орындалды. Жұмыс әрі қарай уақтылы жүргізілуі үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға берілді. https://turkystan.kz/article/228113-merdigerler-magzhan-zhumabaev-audanyndagy-mekteptin-zhondeu-zhumysyn-uakytynda-ayaktamagan/